Жаңалықтар

«Болашақ инженерлер» жобасы «DIGITAL ABAI»-ДА таныстырылды

25 қараша күні «Абай-арена» мәдени-спорттық кешенінде «DIGITAL ABAI» steam fest өтті. «DIGITAL ABAI» steam fest – ғылым, ІТ-өнер мен цифрлық технологиялар фестивалі. Мұнда оқушылар, студенттер, педагог-менторлар, мамандар мен ІТ-компаниялар үздік инновациялық жобалар мен ІТ саласындағы өнімдерін таныстырады.
Іс-шара Абай облысы Білім басқарамасы және Абай облысы Білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығымен» ұйымдастырылды. 2000-ға жуық оқушы өз жобаларын таныстырды. Олардың көбі талантты идеяларын әрі қарай дамыту үшін шетелдік компаниялардың грантын жеңіп алды. Техникалық шеберлікті көрсетумен қатар, фестиваль білім берудегі маңызды өзгерістерге де көңіл аударды. Қонақтарға ІТ саласын дамытудағы жаңа бастамалары таныстырылды.
Фестиваль аясында R:ED «DIGITAL ABAI» қатысушыларына «Болашақ инженерлер» жобасын таныстырды. Жоба мақсаты – ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы балалардың инженерлік құзыреттіліктерін дамыту үшін қолжетімді әрі сапалы білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Көрме қонақтары R:ED MAX және R:ED EDU робототехникалары бойынша жиналған заманауи білім беру жинақтарын өздерін сынақтан өткізіп көрді. R:ED жинақтарын балаларды робототехника негіздеріне үйрету, сондай-ақ бұл салаға қызығушылық танытатын жарыстарға дайындау үшін қолдануға болады.