KZ Новости

Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» қоры мен "Арман Инжиниринг" ЖШС «Болашақ инженер» жобасын іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

28 қыркүйекте "Digital Bridge" форумы аясында Инженерлік білім беруді дамыту қорының директоры Дамиля Темуратовна Қанысбаева, "Қазақстан халқына" қорының директорлар кеңесінің төрағасы Болат Бидахметұлы Жәмішев және "Арман Инжиниринг" ЖШС бас директоры "Болашақ Инженер" жобасын іске асыру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерін заманауи инженерлік білім беру құралдарымен жабдықтандыру саласындағы ірі жоба.

Жобаның жол картасына сәйкес 2023 жылы моноқалалар мен ауылдардағы 184 мектеп AstanaHub резиденті "Арман Инжиниринг" ЖШС компаниясы өндіретін қазақстандық заманауи робототехникалық R:ED бағдарламалық-аппараттық кешендермен жабдықтандырылатын болады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар сыныптарға жөндеу жүргізеді және робототехника бойынша білім беру бағдарламасын іске асыру үшін мектептердің педагогикалық құрамын даярлау бағдарламасын жүргізеді. Жоба ауылдардағы мен моноқалалардағы қазақстандық оқушылар үшін жайлы, заманауи және сапалы оқыту ортасын құру жөніндегі міндеттерді іске асыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.