KZ Новости

Мұнайлы ауданындағы №14 мектепте робототехника сыныбы ашылды

Өткен аптада Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты Мұнайлы ауданындағы білім бөліміне қарасты «№14 орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде робототехника сыныбының ашылуы өтті. Сынып «Болашақ инженерлері» жобасының аясында ашылды.

Жобаның арқасында ауыл, аудан орталықтары мен моноқалалардағы мектептер жаңартылған оқу кабинеттері мен оқушылардың техникалық шығармашылығына арналған заманауи құрал-жабдықтарға ие болды. №14 мектептің мұғалімдері жаңа роботтық жинақтарды оқыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бағдарламалар орыс және қазақ тілдерінде оқуға бейімделген.

Ресми ашылу салтанатына балалар ұлттық киімдегі жарқын музыкалық және би нөмірлерін дайындады. Сыныптың салтанатты ашылуына Мұнайлы ауданының әкімі, Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары және Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы қатысты.

Алдағы уақытта робототехника бойынша қосымша үйірме ашу жоспарлануда. Ал келесі жылдың көктемінде балалар R:ED FEST ашық робототехника фестивалінде өз білімдерін сынай алады.

В школе №14 Мунайлинского района появился класс робототехники


На прошлой неделе состоялось открытие класса робототехники в коммунальном государственном учреждении «общеобразовательной школе №14» отдела образования по Мунайлинскому району управления образования Мангистауской области. Класс был открыт в рамках проекта “Будущие инженеры”.

Благодаря проекту школы из сел, районных центров и моногородов получили отремонтированные классы и современное оборудование для технического творчества учеников. Преподаватели школы №14 прошли курсы повышения квалификации для обучения на новых робототехнических наборах. Программы адаптированы для изучения на русском и казахском языках.

К официальной церемонии открытия дети подготовили яркие музыкально-танцевальные номера в национальных костюмах. Торжественное открытие класса посетили Аким Мунайлинского района, заместитель начальника управления Мангистауской области и начальника отдела образования Мунайлинского района.

В ближайшее время также планируется открытие дополнительного кружка по робототехнике. А уже весной следующего года ребята смогут протестировать полученные знания на открытом фестивале по робототехнике R:ED FEST.