Жаңалықтар

R:ED X роботтары «RoboLand 2023» халықаралық фестивалінде жақсы нәтиже көрсетті

2023 жылдың 3-4 қараша күндері Қарағандыда робототехника, бағдарламалау мен инновациялық технологиялардың «RoboLand 2023» Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі қолдауымен Қарағанды облысы Білім беру басқармасы ұйымдастырды және ол ҚР Оқу ағарту министрлігінің олимпиадалары мен байқауларының тізіміне енеді. 2016 жылдан бері «RoboLand» халықаралық деңгеде ұйымдастырылып келеді, биыл жарыста Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Польша, Италия және Греция елдерінің балалары сайысқа түсті. Осымен сегізінші рет өткізілген Фестиваль дәстүрге сай Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының «Жастар» спорт кешенінде өткізілді. Биылғы бәсекеде 4-18 жас арасындағ балалар өзара жарысты.

Александрович Олег Викторовичтің Мерке қаласы №17 мектебінде білім алатын шәкірттері R:ED X конструкторларымен «Су роботтары лабиринті» санатында сайысқа түсті. 11 «Б» сыныбының оқушылары Алсу Хальфутдинова мен Алина Чуканова 4-орын алды. Қыздар полигондағы су лабиринтінен өтуі керек автономды роботты жасап шықты. Бапкер робот сипаттамалары бойынша бірінші не екінші орынға алуға да әлеуетті болғанын айтты.

Фестивальдің «Сумо» санатына R:ED конструкторы арқылы жасалған жоба ұсынылды. Бұл бағытты Саран қаласы №1 мектеп-лицейі 7 «Б» сыныбының оқушысы Алексей Макаренко таңдады. Оқушы робототехниканы Мұстафин Азамат Серікұлының қол астында зерттеп жүр.