KZ Новости

Қазақстанда 300-ден астам педагог робототехниканы оқыта алады

Қазақстанның шалғайдағы ауылдары мен моноқалаларындағы мектептерден 300-ден астам мұғалім «Бастауыш және орта мектептегі робототехника» бағыты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Оқытуды «Болашақ инженерлер» жобасының екінші толқыны шеңберінде «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК жүргізеді.

Оқыту облыстардың/аудандардың ерекшеліктеріне байланысты бейінді бейімі бар инженерлік құзыреттіліктерді дамыту бойынша таңдалған мектептер базасында әдістемелік орталықтар құру үшін іріктелген мектептер мұғалімдерінің құзыреттерін дамыту мақсатында өтеді.

Бастауыш және орта мектептерге арналған білім беру робототехникасы бойынша біліктілікті арттыру курсы 80 академиялық сағатқа арналған.

Бағдарламада барлығы 173 мектеп алдын ала бекітілген. Біліктілікті көтеру бағдарламасы 2023 жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.