Жаңалықтар

Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылында Олимпиада өткізетін болады

"Болашақ инженер" жобасын іске асыру аясында Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қоры 1-9 сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша бірінші фестиваль-жарыс ұйымдастырады. Жарыстың іріктеу кезеңдері 2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында онлайн және офлайн форматтарда, сондай-ақ "Болашақ инженер" жобасына қатысушы мектептер базасында өтеді.

Жарыстың финалы 2024 жылдың мамыр айында Астанада өтеді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтардан басқа, 2025 жылы Санкт-Петербургтегі халықаралық жарыстың финалына қатысуға мүмкіндік алады.