Жаңалықтар

Көкшетауда робототехникадан жарыс өтті

Кокшетау СМИ каз4 сəуір күні Көкшетаудағы Болашақ сарайында Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 46 команданың басын қосқан робототехника мен бағдарламалаудан R:ED Fest облыстық жарысы өтті. 7-17 жас аралығындағы қатысушылар үш санатта, атап айтса, сумо, сызық жəне шығармашылық сайыста сынға түсіп, өз роботтарының қабілеттерін көрсетті.

Жарыс Ақмола облысы білім беру басқармасы мен Болашақ сарайы қолдауымен өткізілді. Бұл сайыс балалардың робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін паш етулеріне көмектескен инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мейрамына айналды.

Сайыстың əрбір қатысушысы асқан шеберлік пен креативтілікті көрсетті, ал бұл өз кезегінде төрешілерге жеңімпаз таңдауда қиындық тудырады. Сумо санатында роботтар бір-бірінің шыдамдылығы мен күшін сынап, сайыс техникалық жаңалықтар мен тамаша көрініске толы болды. Сызық сайысында роботтар трассаны максималды дəлдікпен жəне жылдамдықпен жүріп өтті. Шығармашылық санатта қатысушылар тек техникалық білімді емес, күрделі тапсырмаларды шешуге деген стандартты емес көзқарасты көрсететін қайталанбас жобаларын ұсынды.

Ақмола облысы білім басқарамасы басшылығына жəне Кабдушева Самал Базарбаевна басқаратын Болашақ сарайына жастар үшін маңызы зор əрі үлкен ауқымдағы жарысты ұйымдастыруға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Ғылым, техника мен білім берудің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін рақмет!

Робототехникадан Көкшетауда өткен жарыс Ақмола облысы жастарының робототехника мен технологияға деген қызығушылығының артып жатқанын көрсетті. Ал біз оқушылардың жаңа таланттары мен бұл саладағы тың жетістіктерін ашатын R:ED Fest фестивалінің осы күзде Астанада өтетін республикалық финалын асыға күтеміз.