KZ Новости

«Қазақстан халқына» қоры Қарағанды облысының әкімшілігімен дөңгелек үстел өткізді

12 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімдігінің ғимаратында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы мәселелерді шешуге арналған «Қазақстан халқына» қоғамдық-әлеуметтік қорының дөңгелек үстелі өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Алпысов Ермек Амантайұлы, қордың орынбасары Шынкисбаева Ләззат Алтынбекқызы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдері жиналды. Отырыстың күн тәртібінде «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылық бастамалары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларымен таныстыру және талқылау өтті.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар «Болашақ инженерлер» жобасымен танысты, соның арқасында Қазақстанның шалғай елді мекендерінде жаппай робототехника сабақтары пайда болды. Еліміздің моноқалалары мен ауылдарында жобаның бірінші легі нәтижесінде 189 мектепте робототехника кабинеттері күрделі жөндеуден өтіп, толық жабдықталған, 198 педагог балалардың одан әрі білім алуы үшін біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Жобаның екінші легі биыл іске қосылып, 173 мектеп пен 300 мұғалім алдын ала бекітілді.