Жаңалықтар

R:ED компаниясы "Болашақ инженерлер" жобасы аясында 81 мектепте жөндеу жұмыстарын өткізді

Балаларға арналған алғашқы робототехникалық сыныптар Қазақстан елордасында шамамен он жыл бұрын пайда болған. Сол уақыттан бері осы бағытқа деген қызығушылық үнемі артып келуде және робототехника бойынша жарыстарға өтінімдер жыл сайын бірнеше есе артып келеді.
Қазақстанда "робототехника" пәні міндетті мектеп бағдарламасына енбесе де, қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде. Мысалы, өткен жылғы "FIRST GLOBAL CHALLENGE" дүниежүзілік жарысында Қазақстаннан келген оқушылар құрамасы жеңіске жеткен матчтар саны бойынша рекорд орнатты. 167 елдің қарсыластарының арасында ешкім мұндай нәтиже көрсете алмады.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі соңғы жылдарда технологиялар саласында білім беруді белсенді дамытуда. Сонымен қатар жеке компаниялар мен қорлар жас қазақстандықтардың техникалық біліміне елеулі үлес қосуда. Өткен жылы "Қазақстан халқына" қоры мен RED Robotics Education ("Арман" холдингі) "Болашақ инженерлер" жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

189 мектепке арналған жоба аясында 50 000 баланы оқыту үшін 200 педагог біліктілігін арттырудан өтеді. Жобаның жалпы инвестициялары - 976 млн. теңге, оның ішінде Арман Холдинг жобаға өз қаражатынан 340 млн. теңгеден астам, ал "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры - 630 млн. теңгеден астам инвестиция салады. Робототехника кабинеттері Қазақстанның барлық облыстарындағы әрбір ауылда, ауданда және моноқалада жабдықтандырылатын болады.
Қазіргі уақытта еліміздің 81 мектебінің робототехника сыныптарында косметикалық жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жоба бойынша мектептердің жалпы санының 32% құрайды. 2023 жылдың ақпан айында Қостанай және Павлодар облыстарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы 40 мектеп ақпан айының соңына дейін, ал мамыр айында, жоспарланған мерзімнен бұрын, қалған мектептердің барлығына жиынтықтар жеткізілетін болады.

Барлық білім беру конструкторлары жеткізілгеннен кейін РҚББОӘО ОАМ мамандары (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК) R:ED Robotics Education әдіскерлерін тарта отырып, мектептерде мұғалімдерді оқытумен айналысады.

Жаңа оқу жылында 189 мектептің оқушылары заманауи R:ED жиынтықтарында робототехникадан білім алатын болады.