Жаңалықтар

Жарыс Шығыс Қазақстан облысында өтті

17 мамыр Шығыс Қазақстан облысында биылғы оқу жылында робототехника және бағдарламалаудан R:Ed Fest қорытынды аймақтық байқауы өтіп, оған облыстың 14 мектебінен 70 оқушы қатысты.

7 мен 17 жас аралығындағы жас роботшылар сумо, түзу қозғалыс, шығармашылық категориялар және эстафета сынды түрлі пәндер бойынша сынға түсті.

Қатысушылар атап өткендей, бәсеке лайықты және күшті қарсыластармен қызықты және тартысты өтті. Барлық балалар өздерінің бағдарламалау дағдыларын және шексіз қиялдарын көрсетті.

Робототехникаға деген үлкен қызығушылық пен оқушылардың өсуге, қызықты жобалар жасауға деген құлшынысы бізді қатты қуантады. Естеріңізге сала кетейік, барлық қатысушылар біздің Қордың «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша қолдауының арқасында робототехникамен айналысады.

Енді біз Астанада өтетін аймақтық байқаудың барлық жеңімпаздарын күзде өтетін R:Ed Fest фестивалінің финалында күтеміз.