Жаңалықтар

«Мақсатымыз – роботтарымыздың үздік болуы»

2023 жылдың қараша айының басында Қарағандыда робототехника, бағдарламалау мпн инновациялық технологиялаодың «Roboland 2023» Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі қолдауымен Қарағанды облысы Білім беру басқармасы ұйымдастырды және ол ҚР Оқу ағарту министрлігінің олимпиадалары мен байқауларының тізіміне енеді.
Бірқатар командалар фестивальге R:ED Robotics Education конструкторларымен қатысты. Біз Мерке қаласы командасының бапкері Александрович Олег Викторовичпен сұхбаттастық.

Олег Викторович, балаларды робототехникаға үйретіп жүргеніңізге қанша уақыт болды?

2017 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданының Трубицин атындағы №17 мектебіне алғашқы жинақ келді, содан бері робототехникамен айналысып келемін.

Сабақтар қандай форматта өтеді? Робототехникамен айналысуға әдетте кімдер келеді?

Сабақтар топпен, робототехника кабинетінде өтеді. Көбіне 5-6 сынып оқушылары робототехникамен айналысады, яғни 11-13 жас аралығындағы балалар. Биыл бізде тұрақты түрде 20-ға жуық адам сабақтарға қатысып жүр.

Алдағы жылға оқу және оқушыларыңызды перспективасы бойынша алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз? Жарыстарға қатысу жоспарда бар ма? Бұрын қатыстыңыздар ма? Қандай нәтижелерге қол жеткізе алдыңыздар?

Мақсатымыз – роботтарымыздың үздік болуы. Балалардың бағдарламалауды түсінуі мен басынан бастап жеке жобаларын жасауы маңызды. Мамыр айында облыстық жарыстарға қатысып, екі жүлделі орынға ие болдық. Қарағандыда сайысқа түстік, бірақ өкінішке қарай, 4-орын алдық. Алайда сипаттамасы бойынша роботымыз бірінші не екінші орын ала алатын еді.


Оқушыларыңыз роботтарды R:ED жинағынан құрастырады. Сіздердегі жинақтың нұсқасы қандай?

Мен R:ED платформасы бойынша курсты аяқтадым және мектебімізде R:ED X жинақтары. Білім ордамызға Arman компаниясынан 10 конструктор келлі. Бұл жинақпен жұмыс істеу әсіресе бүлдіршіндерге қызық, өйткені оларды Arduinо-да да, Scratch-та да бағдарламалауға болады. Балаларға Scrtach-пен бағдарламалау қызық әрі ыңғайлы, өйткені онда интерфейс өте түсінікті.

Елдегі балаларға арналған робототехника деңгейін қалай бағалайсыз? Оны жақсарту үшін не істеу керек?

Әрине, соңғы уақытта біраз жұмыс атқарылды. Бірақ, мәселен, біз – жаңа R:ED X жинақтары келген аудандағы жалғыз мектеппіз. Өзге мектептерде LEGO жинақтары бар, ол да бәрінде емес. Әр техниканың өз уақыты бар. Алты жыл өтті, балалар әрдайым жинап, қайтадан бұзады. Өз тәжірибеме сүйенсем, LEGO-дағы көптеген детальдар қолданыстан шығып жатыр, оған қоса жинақтар жаңартылмайды. Жағдайды жақсарту үшін робототехника жинақтарын 5-6 жылда жаңартып тұру керек деп ойлаймын, өйткені бәрі бір күні бұзылады.