Жаңалықтар

Қарағандыда робототехникадан жарыс өтті

9 сәуірде Қарағанды қаласының №2 Оқушылар сарайында R:ED Fest робототехника мен бағдарламалаудан облыстық жарыс өтті. Сайыс Қарағанды облысы оқушыларының жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Жарыста 7-17 жас аралығындағы 150-ден астам қатысушы бақ сынады. Қатысушылар үш санатта, атап айтса, сумо, сызық және шығармашылық сайыстарында жарысып, өз роботтарының керемет қабілеттерін көрсетті.

Жарыс Арман Инжиниринг (R:ED Robotics Education), «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау ортылығы» КММ және Digital Urpaq сарайы қолдауымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды.

Сайыстың әр қатысушысы төрешілерге жеңімпазды анықтауда қиындық тудыратындай шеберлік пен креативтіліктің биік деңгейін көрсетті.

Оқушылар үшін ауқымды жарысты ұйымдастыруда көмек көрсеткендері үшін Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығына алғысымызды білдіреміз. Ғылым, техника мен білім беруге қосып жатқан үлестеріңіз үшін рақмет!

Робототехникадан Қарағандыда өткен фестиваль аймақ оқушылары арасында робототехника мен технологияға деген қызығушылықтың өсіп жатқанын көрсетті. Командалардың дайындық деңгейі де өте жоғары. Біз қатысушыларды күзде Астанада өтетін R:ED Fest республикалық финалында асыға күтеміз.