Жаңалықтар

Қызылорда облысындағы R:ED Fest фестивалі

19 сәуірде Қызылорда қаласындағы Әліарыстанұлы атындағы жеке мектепте R:ED Fest робототехника мен бағдарламалаудан облыстық жарысы өтті.

Сайыста 7-17 жас аралығында 30 қатысушы өзара жарысты. Олар сумо, сызық бойымен қозғалыс және шығармашылық санаттарында сайысқа түсіп, өз роботтарының керемет қабілеттерін көрсетті.

Жарыс Арман Инжиниринг (R:ED Robotics Education) және «ДАРЫН» РҒПО қолдауымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды.

Жарыстың әр қатысушысы жоғары деңгейдегі шеберлігі мен креативтілігін көрсетіп, төрешілердің таңдау жасауында қиындық туғызды.

Оқушылар үшін осындай ауқымды шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткендері үшін облыстық білім басқармасы мен «ДАРЫН» РҒПО алғыс білдіреміз! Ғылым, техника мен білім беру саласын дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін рақмет!

Робототехникадан Қызылордада өткен жарыс республикадағы жас ұрпақ арасында робототехника мен технологияға деген қызығушылықтың артып жатқанын көрсетті. Командалардың дайындығы кәсіби деңгейде деп айтуға болады. Біз оқушыларды R:ED Fest фестивалінің осы күзде Астанада өтетін финалында асыға күтеміз.
2024-04-19 13:21