Қазақстан оқушылары робототехникадан FIRST Global Challenge чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.
Чемпионат биыл Сингапурда өтті.
Жарыста Қазақстан намысын Алматыдағы ФМБ НЗМ оқушылары қорғады: Тұрғынбай Нұрислам, Жанзақов Нұрсұлтан, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова, Көксал Иманәли.
Бапкерлер - Бекзат Инкаров пен Нұрдаулет Досмағамбет.
Турнирге қатысушылар елдің бүкіл аумағынан жиналған 200 оқушының арасынан іріктеліп алынды.
«Ұлттық құрамамыздың алдына Женевадағы табысты қайталау мақсаты қойылды және олар бұғп қол жеткізіп, ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Оған қоса, команда халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілік марапаттар алды. Қазақстан робототехникасы жыл санап халықаралық брендке айналып келеді», - деді USTEM Foundation қоғамдық қорының басшысы Асылбек Мырзахметов.
Чемпионатқа 190-нан астам ел қатысты.
Осы жеңіс арқылы Қазақстан құрамасы былтыр Женевада жеңіп алған чемпиондық атағын қорғады.
Оқушыларымыздың әлемдік аренадағы әлеуеті жоғары.
R:ED мақсаты - болашақ әлем чемпиондары мен талантты инженерлерді тәрбиелеу!