Жаңалықтар

Абай облысы робототехникадан халықаралық жарыстың облыстық кезеңін өткізді

6 мамырда Семей қаласының №17 жалпы білім беру орта мектебінде R:ED Fest робототехника мен бағдарламалаудан облыстық жарыс өтіп, Абай облысының түкпір-түкпірінен келген 65 қатысушының басын қосты. 7-17 жас аралығындағы қатысушылар өз біліктіліктерін сумо, сызық бойымен қозғалыс, шығармашылық және эстафета санаттарында сайысқа түсті.

Жарыс Арман Инжиниринг (R:ED Robotics Education) қолдауымен Инженерлік білім беруді қолдау Қорымен, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды.

Жарыстың әр қатысушысы жоғары деңгейдегі шеберлігі мен креативтілігін көрсетіп, төрешілердің таңдау жасауында қиындық туғызды. Біз R:ED Fest фестивалінің осы күзде Астанада өтетін финалын асыға күтеміз.