17 сәуір күні Шымкенттегі М. Тасова атындағы №12 мектеп-интернатында R:Ed Fest робототехника мен бағдарламалау бойынша облыстық сайыс өтіп, онда Түркістан облысының түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам оқушы қатысты.
Жарыста 7-17 жас аралығындағы оқушылар сумо, сызық бойымен қозғалыс, шығармашылық санаттары мен эстафетада сайысқа түсіп, роботтарының тамаша қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, тәлімгерлер де өзара жарысты.
Сызық бойымен қозғалыс санатында 5 жастағы Умарбек Расильжанов та бақ сынап, ол фестивальдің ең жас қатысушысы атанды. Умарбекке және жарыстың барлық қатысушыларына осынау қызығы мен қиындығы қатар жүретін істе алға қарай дамуды тоқтатпауларын тілейміз!
Жарыс Арман Инжиниринг (R:ED Robotics Education) және «ДАРЫН» РҒПО қолдауымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Шара қатысушыларға робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін көрсетуіне мүмкіндік берген инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналды.
Жарыстың әр қатысушысы жоғары деңгейдегі шеберлігі мен креативтілігін көрсетіп, төрешілердің таңдау жасауында қиындық туғызды.
Робототехникадан Шымкентте өткен жарыс республикадағы жас ұрпақ арасында робототехника мен технологияға деген қызығушылықтың артып жатқанын көрсетті және біз R:ED Fest фестивалінің осы күзде Астанада өтетін финалын асыға күтеміз.