Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қоры

Инженерлік білім беруді дамыту қоғамдық қоры

Соңғы жаңалықтар
    Қордың Миссиясы
    Жас ұрпаққа өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ақпараттық технология және білім беру робототехникасы саласында білім беру ортасын қалыптастыру
    Қордың Миссиясы
    Жас ұрпаққа өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін ақпараттық технология және білім беру робототехникасы саласында білім беру ортасын қалыптастыру
    Қордың Мақсаттары
    • Заманауи оқу құралдары
      Инженерлік құзыреттілікті дамыту үшін оқушыларға сапалы заманауи білім беру жабдықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
    • Білім беру робототехникасының стандарттарын қалыптастыру
      Инженерлік пәндер бойынша білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететін оқу-әдістемелік кешендер мен басқа құжаттар және осындай құжаттарды білім беру мекемелеріне қолжетімді қылу;
    • Олимпиада қозғалысын дамыту
      Инженерлік пәндер бойынша олимпиадалық қозғалысты дамытуға бастамашылық жасау және қолдау;
    • Кадрлық әлеуетті қалыптастыру
      Инженерлік пәндер бойынша педагогикалық құрамның кадрлық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
    Қор қызметінің бағыттары
    • 1
      Қазақстанда білім беру робототехникасын дамыту;
    • 2
      Қайырымдылық қызметке қатысу, атаулы гранттар құру;
    • 3
      Оқушылардың қабілеттерін және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау;
    • 4
      Барлық қатысушылардың бірлескен қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау;
    • 5
      Қоғамдық-тәрбие процесі: оқушылардың, мұғалімдердің;
    • 6
      Оқушылардың қабілеттерін, олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау;
    • 7
      Білім беру робототехникасы бойынша көрмелер өткізу;
    • 8
      Бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ғылыми және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
    • 9
      Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарға білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
    Қор директоры

    Конысбаева Дамиля 
    Төремұраткызы
    Қор директоры
    Конысбаева Дамиля Төремұраткызы 1962 жылы 24 тамызда Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Берсуат ауылында дүниеге келген. 1986 жылы туған ұлы мен қызы бар. Білімі жоғары, биология ғылымдарының ғылыми дәрежесі кандидаты, атағы - қауымдастырылған профессор.

    Білімі 
    1980-1985 жж. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, биология-химия факультеті;
    1997-2002 жж. - РҒА УрБ (Екатеринбург қ., Ресей) Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы институтының ізденушісі;
    2011 ж. -  доцент ғылыми атағы/ қауымдастырылған профессор.

    Еңбек өтілі
    1985-2001 жж. Қостанай облысында орта мектепте биология пәнінің мұғалімі, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
    2001-2012 жж. -  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ботаника кафедрасының аға оқытушысы.;
    2014-2015 жж.  А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің биология кафедрасының меңгерушісі;
    2012-2014 жж. - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің деканы;
    2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Биология" кафедрасының доценті.

    Қосымша:
    • Педагогика және биология бойынша 180-ден астам жарияланымның авторы. Оқулықтардың, оқу құралдарының және монографиялардың авторы.
    • Ботаникалық бақтар бойынша сарапшы,
    • ҚР БҒМ жоғары оқу орындарын тексеру жөніндегі сарапшы,  
    • UNIDO-GEF жобасының қазақстандық бөлігін іске асыру үшін серіктес кәсіпорынды іріктеу жөніндегі халықаралық бағалау комиссиясының сарапшысы
    • Астана қаласының жасыл желектерді тексеру жөніндегі тексеру комиссиясының сарапшысы.
    Қор кеңесі

    Турекулова Даметкен
    Медиханқызы
    Экономика ғылымдарының докторы
    Экономика ғылымдарының докторы, профессор, "Esil University" мекемесінің Академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. ҚР "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері (Northampton, UK).

    ҚР "Үздік оқытушы - 2014" грантының иегері.

    2022 жылдан бастап - "Esil University" мекемесінің Академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры.
    Ғылыми зерттеулер мен әдістемелік әзірлемелердің нәтижелері 200-ден астам ғылыми еңбектерде жарияланды, сондай-ақ бірнеше басқару саласы және экономика бойынша монографиялар мен оқу құралдары бар.

    Жуманова Бекаршын Кимашқызы
    Экономика ғылымдарының кандидаты
    Экономика ғылымдарының кандидаты, "Esil University"-дегі "Менеджмент" кафедрасының профессоры, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, 2015, "Свешников атындағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану академиясы" ЖҚҰ академигі, 2014, Еуропалық ұлттық тарих академиясының Еуропалық ғылыми және индустриялық консорциум академигі (Эдинбург), 2013ж, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, 2008ж.

    113 ғылыми, 2 монография, 14 оқу құралы және 2 оқу-әдістемелік әзірлемелердің авторы

    Қосымша:
    Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2013 жыл
    • ҚР БҒМ алғыс хаты, 2003

    Толысбаев Бауржан
    Советович
    Экономика ғылымдарының докторы
    2012 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Менеджмент" кафедрасының меңгерушісі.

    Ғылыми-педагогикалық қызмет жылдарында 250 – ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 9 монография және 24-тен астам оқу құралдары, 14 өнертабыстар мен патенттер, Scopus дерекқор журналдарында 14 ғылыми мақалалар жарияланды.
    Қор серіктестері