Конысбаева Дамиля Төремұраткызы 1962 жылы 24 тамызда Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Берсуат ауылында дүниеге келген. 1986 жылы туған ұлы мен қызы бар. Білімі жоғары, биология ғылымдарының ғылыми дәрежесі кандидаты, атағы -қауымдастырылған профессор.
Білімі 1980-1985 жж. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, биология-химия факультеті;
1997-2002 жж. - РҒА УрБ (Екатеринбург қ., Ресей) Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы институтының ізденушісі;
2011 ж. - доцент ғылыми атағы/ қауымдастырылған профессор.
Еңбек өтілі1985-2001 жж. Қостанай облысында орта мектепте биология пәнінің мұғалімі, директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
2001-2012 жж. - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ботаника кафедрасының аға оқытушысы.;
2014-2015 жж. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің биология кафедрасының меңгерушісі;
2012-2014 жж. - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің деканы;
2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Биология" кафедрасының доценті.
Қосымша:- Педагогика және биология бойынша 180-ден астам жарияланымның авторы. Оқулықтардың, оқу құралдарының және монографиялардың авторы.
- Ботаникалық бақтар бойынша сарапшы,
- ҚР БҒМ жоғары оқу орындарын тексеру жөніндегі сарапшы,
- UNIDO-GEF жобасының қазақстандық бөлігін іске асыру үшін серіктес кәсіпорынды іріктеу жөніндегі халықаралық бағалау комиссиясының сарапшысы
- Астана қаласының жасыл желектерді тексеру жөніндегі тексеру комиссиясының сарапшысы.